Об авторе

Страна, город:
КазахстанАлма-Атинская область
Баллы: 20

* Скачивание материалов доступно только зарегистрированным пользователям.

You are here

Даун синдромы бар балалардың математикалық ойлау қабілетін дамытуда Нумикон құралының тиімділігі

up
Проголосовали 10 пользователей.

    «Нумикон»- бұл 1996-1998 жылдары Англияда математиканы оқуда қандай да бір қиындықтарға кездесетін балаларға арнайы әзірленген оқыту бағдарламасы мен көрнекі материалдар жиынтығы.                                     Біздің елімізде бірінші болып 2013 жылы іс- тәжірибеге енгізген ӘБЕҰ орталығы.  Нумикон- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың математикакалық дағдыларын қалыптастыру, сан мен пішіндердің байланысын көрсету  мақсатында қолданылатын жиынтық.                                                                                                   Біздің мекемеде Нумикон әдістемесін 2013 жылдан бастап іс- тәжірибемізге еңгіздік. Математикаға оқыту- бұл белгілі бір математикалық түсініктермен танысу және санау дағдыларын меңгеру ғана емес, сонымен бірге алған білімін күнделікті өмірде қолдану болып табылады. Санау кесінділерінің пішіні санды түсіну үшін баланың үш күшті қабілетін пайдалануға негізделген: яғни, практика барысында, бақылау барысында үйрену және өзінің күшті сезімталдығын қолдану. Санау кесінділерінің үлгілері балалардың олармен әрекет жасауына, бақылауға, үлгілерді байқауға және зерттеуге ыңғайлы етіп әзірленген.                                                                                                          

Комментарии

Жайлаубай Айжан, спасибо Вам! 

Если ли у Вас возможность публикации данного материала на русском языке?

 

 
Vulnerability Scanner